Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АУЫЛ ӘКІМДІГІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

АУЫЛ ӘКІМДІГІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Тілектесұлы Бердалин кезекті жұмыс іссапары аясында Сырдария ауданының Нағи Ілиясов аулына барды. Іссапар аясында А.Бердалин ауыл әкімі аппаратының қызметімен танысып, ауылдағы бірнеше әлеуметтік нысандарды аралады. Осы ауылдағы орталық стадионда және спорт кешенінде болып, спорттық секция жұмыстарымен танысты. Аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы мақсат-міндеттерді түсіндірді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
16 наурыз 2018 ж. 986 0