Айгүл Мүкей бастаған танымал тележүргізушілер «Хабар» арнасына қайта оралмақшы

Бұл туралы “Хабар” арнасы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Көрермен қауымның көзайымына айналған Зейін Әліпбек, Айгүл Мүкей, Гауһар Керімова, сондай-ақ Марат Мұхамедсалиев сынды тележүргізушілер жаңа маусымда көрермендерімен эфирде қайта қауышады.
«Хабар» арнасының эфиріне қайта оралған Айгүл Мүкей 3 қыркүйектен бастап «Давайте говорить» қоғамдық-әлеуметтік бағдарламасын жүргізетін болады. Көрермендермен қайта қауышқан танымал тележүргізуші бұл жолы халықты толғантып, қоғамды мазалаған көптеген мәселелерді көтеріп, сөз қозғамақ.
Ал, қалған білікті тележүргізушілеріміз Зейін Әліпбек, Марат Мұхамедсалиев, сондай-ақ Гауһар Керімова бұрынғыша жаңалықтарды хабарлап, қызметтерін жалғастыратын болады.