Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕСЕПТІ МЕРЗІМДЕ АУДАН БОЙЫНША 393 НӘРЕСТЕ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

ЕСЕПТІ МЕРЗІМДЕ АУДАН БОЙЫНША 393 НӘРЕСТЕ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ


Бұл туралы бүгін облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде аудан әкімі Ғ.Қазантаев мәлімдеді.
"Есепті мерзімде аудан бойынша 393 нәресте дүниеге келді. Халық санында өсім бар. Бұл біз үшін зор қуаныш,-деген аудан әкімі аудан халқына ауысымына 250 адам қабылдайтын аудандық емхана, 9 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік бекет, 1 медициналық бекет және аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансері қызмет көрсетіп жатқанын айтты.
Сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған Ақжарма ауылында дәрігерлік-амбулатория тамыз айының соңына дейін пайдалануға берілетінін жеткізді.
Жалпы, ауданның денсаулық сақтау саласында барлығы 728 қызметкер, оның ішінде 76 дәрігер, 369 орта буынды қызметкерлер қызмет атқаруда.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
28 тамыз 2018 ж. 955 2

Гость JeaOrer от 21 ақпан 2019 23:55
Lioresal Commander Cialis Online Offerta Amoxicillin Chronic Middle Ear viagra online Levitra Seguridad Social How To Buy Fluoxetine

Гость JeaOrer от 11 наурыз 2019 15:46
Priligy Menarini Prezzo priligy cuanto dura How Does Zithromax Work Forum Cialis 10mg Ou 20mg