Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ТАЛАЙ ҒАСЫРЛАРДЫҢ КУӘСІ

ТАЛАЙ ҒАСЫРЛАРДЫҢ КУӘСІ


Әр азаматқа «Туған жері – Мысыр шәрі» деген тәмсіл бар.   Елге келіп, халықтың кең пейіліне кенеліп, мейіріміне бөленгінімізге қуаныштымыз! Бұл той
үлкен тарихи той! Ауданымыздың 90 жылдық тойы Сырдың бойында елдің есінде қалатындай, халықтың жадында жаңғыратындай ерекше аталып өтілді. Осы тойдың бір пұшпағында жүргенімізге, тойдың жақсылығын сезінгенімізге ризамын. 
Мерейтой аясында ұйымдастырылған жыр додасы айтыс көптің көңілінен шықты деп ойлаймын. Азулы ақындар елге арнап, інжу-маржан сөздерін төкті. Олардың жырлары тарихта қалады.
Қазақстанда тарихы терең Сырдария өзені атауымен аталатын жалғыз аудан. Бұл талай ғасырлардың куәсі. Сондықтан бұл есіммен аталу үлкен жауапкершілікті білдіреді. Осы орайда барша сырдариялықтарды торқалы тоймен құттықтаймын. Елдің басынан бақыты таймасын, жақсылығы, игілігі көп болсын!
Нұрмат МАНСҰРОВ,
айтыскер ақын
19 тамыз 2018 ж. 849 0