СЫР ЕЛІ ҚАШАНДА ӨНЕРГЕ ЖАҚЫН
90 жылдық мерейтой аясында қазақ даласының бірқатар аудандары мереке ретінде атап өткені мәлім. Оның ішінде жоғары деңгейде ұйымдастырылған Сырдария ауданының торқалы тойы ел жадында қалды. Елдің бірлігі, ауызбіршілігі, ынтымағы бұзылмасын. Үлкен қалаларымыздың өзегі ауылда жатыр. Қашанда ауыл, аудан тіршілігімен біте қайнасып, ажырамауымыз қажет. Әркез халықтың жағдайын жақсартуымыз қажет. Өйткені, қазақ көңілі жайланған уақытта думандатып той өткізуге бейім келеді. Сыр елі қашанда өнерге жақын. Сондықтан да әрқайсымызды елдің түкпір-түпірінен тойға шақырып, ат шаптырып, халыққа керемет мереке сыйлады. Қазақ өнеріне деген елдің құрметі айырылмасын. Біз Сыр топырағына аяқ басқанда әнді сүйетін, өнерді бағалайтын елге келдік деп ұғынамыз. Аудан орталығы Тереңөзек үлкейіп, кеңейіп жатқаны қуаныш. Қазақтың саны көбейе берсін. Қазақы орта Сырдария ауданының мерекесі құтты болсын!
Досымжан ТАҢАТАРОВ,
әнші