Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕРЕЙЛІ АУДАН ЖЕТІСТІГІ

МЕРЕЙЛІ АУДАН ЖЕТІСТІГІ


Алаштың анасы  Сырдың бойында, оның ішінде Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек төрінде жөні бөлек үлкен тойдың куәгері атандық. Аудан халқы ырысы мен берекесі тасығанының арқасында осындай мерекені сән-салтанатымен өткізді. Қаншама ел көлемінде азып-тозып, қажып жатқан аудан, қалалар бар. Дегенмен, Сырдария ауданының даму көкжиегін көріп қуанудамыз. Өзім алғаш бұл мекенге келгеннен кейін халықтың ыстық ықыласын сезініп, марқайып қалған жайым бар. Аудандағы тың жаңалықтарды, оларды жүзеге асырып жатқан азаматтардың еңбектерін, қызметтерін көріп, сондай бір берекесі тасыған, мерекесі жарқыраған қасиетті ел екеніне көз жеткіздік. Әрқашан қуаныштарыңыз үзілмей,  алда 100, 200 одан қалды 1000 жылдық мерейтой киелі топырақта өткізіле берсін.  Қай жерге барсаң да кірген бойда жарық сәулесін шашып тұратын құдіреті болады. Тектілік жағынан, өнер жағынан, барлық жағынан көзіме оттай басылған ауданға келгеніме ризамын. Осы орайда аудан халқының мерейтойы құтты болсын демекпін!
Мақсат АҚАНОВ,
айтыскер ақын
19 тамыз 2018 ж. 635 0