Бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлады
«Бақытты балалық шақ» жобасы аясында Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының Жергілікті полиция қызметкерлері ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қуаныш сыйлау, көмек көрсету мақсатында мерекелік концерт қойып, жақсы көңіл-күй сыйлады.
Шараға «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының 45 бүлдіршіні қатысты.
Шара М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінде бастауын алды. Онда балаларға арналып наурыз көже қойылған ақ дастархан жайылды. Ювеналды полиция бөлімшесі қызметкерлерінің балалары өз өнерлерін көрсетіп, ән шашуларын арнады. Атап айтқанда, «Мұрагер» мектебінің 3-сынып оқушысы Маратов Мақсат «Қазағым» әнін орындап, көрермен көңілінен шықса, №198 орта мектептің 5-сынып оқушысы Ардаққызы Нұрай қазақ биін орындап, көрермендерін тәнті етті.
Шара одан кейін «Жібек жолы» ойын-сауық кешенінде жалғасын тапты. Полиция қызметкерлері балаларды «Ботақан» ойын-сауық кешеніндегі аттракциондарға ойнатып, кинотеатрға апарды. Бүлдіршіндер қазіргі таңда сұранысқа ие режиссерлер Питер Лепениотис, Шелли Шенойдың туындысы «Гномы в доме» мультфильмін тамашалады. Мультфильмнен кейін бүлдіршіндерге тәттілер таратылып, естелік суретке түсті.
Ескерте кетерлік жайт, «Жібек жолы» ойын-сауық сауда орталығының басшылығы, атап айтқанда кинотеатр және «Ботақан» бүлдіршіндер ойын алаңының ұжымы қайырымдылық шарасына үлес қосып, балалардың барлық қызмет түрлерін тегін пайдалануға мүмкіндік жасады.
Шара соңында бүлшіндер бүгінгі күннен мол әсер алғандарын жеткізіп, осындай жақсы көңіл-күй сыйлаған полицей аға-әпкелеріне ризашылықтарын білдіріп, осы бағыттағы шаралар жиі ұйымдастырылса екен деген ұсыныстарын жеткізді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
Пікір 3