МЕРЕКЕЛІК ТӨСБЕЛГІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Жақында Аманкелді ауылдық округі әкімі аппаратында ауыл әкімі Қ.Құлымбетов Сырдария ауданының 90 жылдық мерейтойы аясында елді мекеннің әлеуметтік - экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін сала ардагерлеріне, үздік сала мамандарына мерекелік төсбелгі табыс етті.
Шара барысында жиналғандар 90 жылдық тарихы бар аудан дамуында үлкен серпін барлығы айтылды. Қашанда бірлігі жарасқан аудан халқын жұртшылық 90 жылдық мерекемен құттықтады.
Б.ОРДАБЕКОВ