«ҚАЛАМЫ ҚАРЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР» АТТЫ ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ
Сырдария ауданының 90 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов пен жазушы Әбірәш Жәмішевтің 90 жылдығы ауданда кеңінен аталып өтілуде. Бүгін мерейтой аясында «Қаламы қарымды тұлғалар» атты әдеби кеш өтті.
Әдеби кешке дарынды жазушылардың ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері, өнер, мәдениет саласының майталмандары, мерейтой қонақтары және БАҚ өкілдері қатысты.
Әдеби кештің ашылуында аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев сөз сөйледі.
– Ауданның айтулы мерейтойымен осы ауданда туып, елімізге танылған халық жазушысы, жерлестер мақтанышы Қалтай Мұхамеджанов пен жазушы Әбірәш Жәмішевтің 90 жылдығы тұспа-тұс келіп отыр. Осыған орай, аудан әкімінің өкімімен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қаламы қарымды тұлғалар» атты әдеби кеш өткізу жоспарланған болатын. Мақсатымыз – қаламына құт қонып, бақ дарыған дарынды жзаушылардың шығармашылығын насихаттау, өскелең ұрпаққа үлгі ету, ауданның тарихы тереңде екенін паш ету болып табылады,- деді аудан әкімінің орныбасары.
Әдеби кеш барысында қаламына құт қонып, бақ дарыған даңқты қаламгерлердің шығармашылығы кеңінен насихатталды. Шығармашылықтың шыңына шыққан тұлғалардың өлеңдерінен үзінді оқылды. Ақын С.Оспан, жазушы Т.Дайрабаев, ақын Ж.Дәрібаева, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың профессоры Қ.Құдайбергеновтер сөз сөйлеп, Қалтай Мұхамеджанов пен Әбірәш Жәмішев туралы естеліктер айтып, толғаныстарын жеткізді.
Әдеби кеш соңында жазушы Әбірәш Жәмішевтің ұрпақтары мәдени іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған аудан әкімдігіне шынайы ризашылықтарын білдірді.
Ақтөре Ибрагимұлы,
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.