Мінезі ауыр зодиак белгілері
Бұл зодиак белгілерімен қарым-қатынас жасау ауыр. Олардың біреуге бағынуы қиын. Себебі олардың мінездері туғаннан оңай болмайды.
Тоқты
Тоқтылар бірбеткей. Ол біреудің сөзіне құлақ асқанша өзінікін жасағанды жөн көреді. Эмоционалды. Бірбеткейлік пен эмоциясы қосылғанда бірдеңені қырсығып жасауы мүмкін.
Егіздер
Егіздердің тұлғасы қайшылыққа толы. Олардың көңіл күйі, пікірі мен жоспары минут сайын өзгереді. Олар бір кездері мейірімді, сүйкімді, көңілді. Ал кейде қатыгез, дөрекі.
Тауешкі
Тауешкі бір шешім қабылдаса оны ешкім өзгерте алмайды. Бірбеткей. Қатеселіп тұрса да өзінікінен қайтпайды. Егер оған қысым жасайтын болса ол ұстамдылығын жоғалтып, ашуға бой алдырып, бәрін қырып-жойып жіберуі мүмкін.
Суқұйғыш
Суқұйғыштар жанжалға бейім. Эгоист. Басына іс түссе де өзгелерден көмек сұрамайды. Тұлғалары қайшылықты. Ол өзін өзгелерден жоғары қояды.
Дереккөз: Flytothesky.ru