Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыздың мінезі қиын болса, демек ол үйленуге лайық қыз

Қыздың мінезі қиын болса, демек ол үйленуге лайық қыз


Өмірлік жар таңдау барысында жарымыздың мінезі қиын болғанын қаламайтынымыз рас. Бірақ қандай мін болса да оны жақсы қырынан көруге болады.
Көбінесе ер адамдар мінезі жеңіл немесе қалыпты қыздарға үйленеді. Өйткені оның қасында өзін жеңіл сезініп, жайлы көреді. Тыныш теңізде қалқығанмен бірдей бұл. Алайда нағыз еркек мінезі қиын қызға үйлену керектігін біледі. Неге?  Өйткені ол бір орында тұрмайды, үнемі алдыға ұмтылып отыратыны сөзсіз. Мінезі қиын қыз бен ақыл тоқтатпаған жанжалшыл қызды шатастырмаңыз. Жанжал шығара беретін қызға өзіңіз де ұзақ шыдамассыз, ал мінезі қиын қыздан керемет әйел шығады. Сенбесеңіз оқыңыз.

Өзін сыйлата алады. Көп жағдайда келіншектер біз үшін бала күтуші, ас үй қызметшісі, әйел ретінде ғана қалып қояды. Ондай жағдайда олар жанжал шығарып, өзіне жиі көңіл бөлуді сұрайтын болады. Ал біздің «кейіпкер қыздар» өздерінің бағаларын біледі. Барынша байыпты бола отырып, күйеуін де сыйлайды, өзін де сыйлатады. Соған сай әрекеттер жасайды.

Ол ақыл тоқтатқан. Дүниетанымы қалыптасқан. Бұл өте жақсы өасиет. Бұл барлық тақырыпта өз пайдасын әкеледі, отбасылық өмір, саясат, тіпті әлеуметтік ортада да.

Ол ер азаматының қасиеттерінің тұншығып қалуына жол бермейді. Қарапайым қыз сіздің қабілеттеріңізді біле тұра, тек мақтап қойып күн кеше берулеріңіз мүмкін. Ал мұндай қыздар қабілетіңізді ұмыт қалдырмай, сізді шыңдай түседі.
 
Мінезі ауыр бұл қыздардың мінезі жұмбақ. Осы жұмбақтығымен баурайтын олардың ерекшелігі де осында. Алғашында қызық көрінгенімен кейін оның дұрыс болғандығын аңғарасыз. Кез келген тақырыпта ашық сөйлесіп, өз пікірлерін бірден айтатын қасиеттері бар.

Ішіңізді пыстырмайды. Олар эмоцияға толы жандар. Үнемі ізденіс үстінде. Қызығушылықтары айрықша. Осы қасиеттерін жақсы тарапқа жұмсайтын бұл қыздардан жақсы әйел шығатындығы сөзсіз. Осы айтылған кеңестерге құлақ аса отырып өмірлік жар таңдауда ісіңізді алға бастырып, сізге қолдау көрсететін әйелді таңдауға тырысыңыз.

Дереккөз: notagram.ru
27 наурыз 2018 ж. 2 543 0