Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЙЕЛДЕРДІҢ ТАҒДЫРЫ ҚАЙ АЙДА ТУҒАНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЛЫПТАСАДЫ

ӘЙЕЛДЕРДІҢ ТАҒДЫРЫ ҚАЙ АЙДА ТУҒАНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЛЫПТАСАДЫ


Адамның қай айда туғанына қарай мінез-құлқы қалыптасады екен. Өйткені біз өмірге келген алғашқы айларда психологиялық санамыз қалыптасады. Осы қалыптасқан сана ғұмырымызда таңдау жасауымызға, қажеттілігімізге, мінезімізге әсер етеді. Сонымен әр айда туған қыз-келіншектердің ерекшелігін ескере жүріңіз.
 
Қаңтарда туған әйелдер
Амбициясы зор, бірбеткей, төзімді келеді. Өмірдегі қарым-қатынас пен өмірдің өзіне байсалды қарайды. Бұл айда туған қыз-келіншектер өздері жақсы көрген және инттеллектуалды деңгейі тең келетін адамдарды ғана өзіне жақын жібереді. Егер қаңтарда туған әйелдермен жақын араласқыңыз келсе, көзқарасыңыз олардікімен ұқсас болуы керек.
 
Ақпанда туған әйелдер
Ақпанда туған қыз-келіншектер романтикаға берілгіш. Олармен араласу үшін төзім мен сабыр керек. Себебі кез-келген ер адам олардың жұмбақ жан дүниесін түсіне алмайды. Олардың көңіл-күйі не себепті сәт сайын өзгере беретінін адам түсініп болмайды. Және мұндай әйелдерге көлденең адам қажет емес. Оларға өздері сияқты ерекше адам керек. Ақпанда туған әйелдер абстрактілі ойлау қабілетіне ие. Оларды алдасаңыз немесе көңілін қатты қалдырсаңыз сізді көрмей кетуі мүмкін. Осыны есте ұстаған абзал.
 
Наурызда туған әйелдер
Наурызда туған қыз-келіншектер ерекше бір тартымдылыққа ие. Олар өте адал. Сондықтан көп адамдар оларға құпияларын жиі айтады. Олардың ғашық болуы қиын. Бір ауыз сөзбен ренжітіп алуыңыз әбден ықтимал. Бір таңдау жасаған адамына ғұмыр бойы адал. Оларға наурыз айында туған ерлер сай келеді.
 
Сәуірде туған әйелдер
Сәуірде дүние есігін ашқан қыз-келіншектердің димпломатиялық қасиеті басым. Кез-келген адаммен тіл табыса алады. Олардың бір кемшілігі өз-өздеріне деген аяушылықтың басымдығы. Өте қызғаншақ келеді. Қызғаныш себебінен жанжал туындаса, оны жалғастырмай, жылдам доғару қажет. Ал сәуір айында туған қыз-келіншектердің артықшылығы демалысты жақсы ұйымдастыра білетіндіктерінде. Олар өз жан дүниесін сенімге ие болған адамдарға ғана ашады.
 

Мамырда туған әйелдер

Мамыр – өз-өзіне, ұстанымы мен ой-пікіріне сенімді қыз-келіншектер дүниеге келетін ай. Рухани, психологиялық тұрғыдан мықты, сырт келбеттері тартымды келеді. Мамыр айында туған әйелдер махаббатқа тұрақты. Өмірлік жарына адал, өмір бойы аялап, сүйіп өтеді.
 
Маусымда туған әйелдер
Шығармашылыққа бейім, тіл табысқыш келеді. Ойында тұрған дүниені бүкпесіз айтады. Және әдемі сөйлеуге, біреуге жағуға тырыспайды. Бұл айда туған қыз-келіншектердің қолына түскен ерлердің олардың «қуыршағына» айналуы оп-оңай. Сондықтан маусым айында туған бойжеткендерге сөз саларда абайлаңыз.
 
Шілдеде туған әйелдер
Бұл айда туған қыз-келіншектер адал, жақындарына ашық-жарқындығымен ерекшеленеді. Өзгелер үшін жұмбақ. Ақылына көркі сай.Соңына дейін шыдамды, сыпайы болуға тырысады. Ал егер бір рет алдасаңыз, ешқашан кешірмей кетуі мүмкін.
 
Тамызда туған әйелдер
Бұл айда туған қыз-келіншектерде эгоизммен бірге кең жүрек те бар. Бұл айда туған әйелдермен байланыспаған абзал. Себебі кез-келген қарым-қатынаста олар жеңімпаз! Әрдайым көпшіліктің назарында болуға тырысады. Сол себепті де олардың айналасында жігіт-желең көп.
Қыркүйекте туған әйелдер
Бұл айда туған қыз-келіншектер мейірімді,  әдепті, келбетті келеді. Еріне адал. Сақ, тұйық және кекшіл болады. Ат үсті қарым-қатынасқа қарсы.
 
Қазанда туған әйелдер
Қазанда туған қыз-келіншектер жігерлі, бірбеткей, эмоционалды. Жұрт көзінше жыламайды. Сонымен қатар өте ақылды. Жан дүниесіндегі сырды кез-келгенге ақтара бермейді. Ең жақсы жігіттер солардың жанында жүреді. Лайықты өмір сүре біледі.
 
Қарашада туған әйелдер
Бұл айда туған қыз-келіншектер өзгелерден бір қадам алдыда жүреді. Белсенді, шымыр. Өтірік айтқанды бірден ажыратады. Сол себепті олардың сезімімен ойнауға болмайды. Олар нағыз өрт сияқты. Олармен ешқашан іш пыспайды. Шындықты тура айтады.
 
Желтоқсанда туған әйелдер
Бұл айда туған қыз-келіншектер шыдамсыз. Табиғатынан жолы болғыш. Кез-келген қиын жағдайда жеңімпаз болып шыға алады. Ер адамның көңілін   қалай көтеруді біледі. Жүрегі таза. Олар өмірден шошымайды. Өз қалауына қол жеткізу біледі.
http://kz.el24.kz/
21 қаңтар 2018 ж. 4 090 0