Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚИСЫНСЫЗ ІСТЕН ТУАДЫ

ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚИСЫНСЫЗ ІСТЕН ТУАДЫ


«Әділдікті мойындау – адал кісінің ісі» деген Бауыржан Момышұлы адам бойындағы асыл қасиеттің жоғары болуын пайымдайды. Қай істе де адалдықты әділдік жолында ұштастыру – парыз. Оның ішінде қызмет барысында жұмысты ұтымды ұйымдастыру маңызды. Бүгінде сыбайлас-жемқорлық мәселесі қоғам дертіне айналған. Жалпы алғанда қызмет бабында қисынсыз әрекетке бару түбінде жауапкершілік жүгін жүктейді. Бұрнағы күні аудандық ветеринария бөлімінде сала мамандарының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өткізілді.
Жиынды бөлім басшысы Ғ.Садықов ашып, қазіргі таңдағы жемқорлықтың манызды факторларына тоқталды. Өз кезегінде орталық аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері С.Әбілқайыров сөз алып, ветеринария саласындағы кейбір фукцияларды орындау барысындағы анықталған дерек мазмұнын түсіндірді. Қызметте ыждағаттылық пен қадағалау басты орынға қойылу керектігін айтты. Жемқорлықтың алдын алуда жасалатын әрекеттің орындалу процесін тізбектеді. Бұдан кейін сала мамандарына қателікке бой алдырмау шараларын жүргізу ескертілді.

Б.АЯБЕКҰЛЫ
31 шілде 2018 ж. 553 0