Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бозымбаев жаңартылатын энергия нарығы бойынша есеп берді

Бозымбаев жаңартылатын энергия нарығы бойынша есеп берді

Жақында Астана қаласында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2017 жылғы Министрлік жұмысының нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңес алдында есеп берді, деп хабарлайды аталмыш министрліктің баспасөз қызметі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жасыл энергетикаға ерекше мән берілуде
Министр өз баяндамасында мұнай-газ, электр энергетикасы, көмір, атом өнеркәсібі және қоршаған ортаны қорғау салаларында мемлекеттік орган жүргізетін жұмыстың негізгі бағыттары туралы баяндады.
Мұнай-газ саласында секторлар көрсеткіштерінің айтарлықтай өсімі атап өтілді. 2017 жылы мұнай және газ өндіру көлемі 2016 жылмен салыстырғанда, тиісінше 10,5 және 14 процентке өсті.
Қанат Бозымбаев мұнай-газ-химия саласының дамуына үлкен мән берді. Соңғы жылдарда мұнай-газ-химия өндірісін ұйымдастыруға жағдай жасау үшін заңнама айтарлықтай жетілдірілді.
Полипропилен (қуаты жылына 500 мың. тонна, құны 2,6 млрд. АҚШ долл.) және полиэтилен (қуаты жылына 1,2 млн. тонна, құны 6,5 млрд. АҚШ долл.) жобаларын іске асыру, шамамен, 9 млрд АҚШ долларын тартуға мүмкіндік береді, құрылыс кезеңінде 10 000 және пайдалануға беру кезінде 1 000 жұмыс орны пайда болады.
Электр энергиясы секторы тұтынудың өсуі аясында электр энергиясын өндіруді алдыңғы жылмен салыстырғанда, 8,7 процентке өседі. 2018 жылдың соңына қарай, «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» өңіраралық жобасының 500 кВ желісі құрылысының II-ші кезеңі толығымен аяқталады. Жоба Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарын электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға бағытталған. Министрлік бизнесте жасыл технологияларды пайдалануды ынталандыру мәселесіне ерекше мән береді.
Ағымдағы жылдың мамыр айында әлеуетті инвесторларды іздестіру, жобаларды техникалық талдау және үздік «жасыл» технологиялар трансферті мүмкіндігімен төмен көмірсутекті инвестициялық жобаларды қолдау және енгізу үшін Халықаралық «жасыл» технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы ашылды.
Заңнамалық жұмыс
Энергетика министрі жаңа Экологиялық кодексті әзірлеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Министрлік табиғат пайдаланушылар қызметінің ерекшелігін ескере отырып, тексерулер санын екі есеге жуық азайтуға мүмкіндік беретін қоршаған орта саласындағы тәуекел деңгейін бағалау жүйесін енгізді. Нәтижесінде, тексерістер 2016 жылғы 3177-ден 2017 жылы 1753-ге дейін төмендеді.
2017 жылы Министрлік 3 салалық заңнамалық акт әзірледі. Ағымдағы жылы Министрлік 5 заңнамалық акттің жобасын әзірлеуде, атап айтқанда, ҚР Парламенті депутаттары бастама жасаған «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын қабылдау күтілуде.
Мұнай өндіру артып, төртінші зауыт салынады
Мұнай өндірудің өсімі 3 ірі кен орны есебінен жүзеге асырылады: Қашаған, Қарашығанақ, Теңіз. Осы 3 кен орнын кеңейту және одан әрі игеру бойынша жобалар орта мерзімде елдің экономикалық өсіміне елеулі үлес қосады. Мұнай өндіру көлемі біртіндеп өсіп, 2025 жылға қарай, жылына 104 млн.тонна деңгейіне жетеді. Мұнай өңдеу саласына келетін болсақ, қазіргі уақытта Павлодар және Атырау мұнай өңдеу зауыттарын (МӨЗ) жаңғырту аяқталды. Нарықтың мотор отындарына импортқа тәуелділік үлесі азайды.
2018 жылы Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту аяқталатын болады. Осы жылдың басынан бастап К-4 және 5 стандарттарына сәйкес келмейтін мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салатын Кеден одағының Техникалық регламенті күшіне енді. Өнімділікті арттыру үшін үш МӨЗ-де техникалық жөндеуді басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізілуде (ТОРО). Жөндеудің жыл сайынғы мерзімі 45 күннен 20 күнге қысқарады, ал 45 күнге тоқтату үш жылда бір рет іске асырылатын болады. Бұл әрбір МӨЗ-де мұнай өңдеу көлемін жылына орта есеппен 300 мың тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Жаңа МӨЗ-ді салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Зауыттың орналасатын жерін, параметрлері мен қаржыландыруды анықтау мақсатында ағымдағы жылдың 1-шілдесіне дейін алдын ала техника-экономикалық негіздемені (ТЭН) әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды.
Елді-мекендерді газдандыру жұмысы жалғасады
Қазіргі уақытта елімізді газдандыру деңгейі 47,4% құрайды, 1320 елді мекен газға қол жеткізді. Өңірлерді дамыту трансферттері шеңберінде жыл сайын республикалық бюджеттен шамамен 13 млрд теңге бөлінуде. Мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасының арқасында Астана мен солтүстік өңірлерді газдандыру мәселесі шешілетін болады.
«Сарыарқа» магистральды газ құбырының құрылысы бойынша жобаны іске асыруды бастау ағымдағы жылдың шілдесіне жоспарлануда. «Қызылорда – Жезқазған — Қарағанды –Теміртау — Астана» бағыты бойынша 1-ші кезең 2019 жылдың желтоқсанына дейін аяқталады. Ұзындығы 1081 км 1-ші кезеңнің құны — 267,3 млрд. теңгені құрайды.
Жаңартылатын энергия нарығы қарқынды дамуда. Өткен жылы 5 ЖЭК объектісі (3 ГЭС, 1 ЖЭС, 1 КЭС) пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы жалпы қуаты 123 МВт болатын 10 объектіні іске қосу жоспарланып отыр. Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК үлесі 1,08% -ды құрады.
Министрлік 2017 жылы жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асырудың аукциондық механизмін енгізу бойынша заңнамалық және институционалдық негіз құрды.
Қазіргі уақытта 245 МВт көлеміндегі сатып алынатын бекітілген қуатқа көктемгі аукциондық сауда-саттық жүргізіліп жатыр. Аукциондық сауда-саттықтың бірінші күнінде ЖЭС тарифі 20% -ға дейін төмендеді. 2017 жылы көмір өндіретін компаниялар 106,7 млн. тонна көмір өндірді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 8,3% -ға өсім деңгейін көрсетті.
Қалдықтырда өңдеу үлесі артады
Сонымен бірге, 2017 жылы табиғат пайдаланушылармен табиғатты қорғау іс-шараларын қаржыландыру көлемі 129,6 млрд. теңгені құрады, ол 2015 жылмен салыстырғанда, 1,5 есеге жоғары (87 млрд теңге).
Бизнеске әкімшілік жүктемені азайту мақсатында жүргізілген тексерулердің нәтижесінде, бақылау және қадағалау функциялары 30%-ға азайды. Қалдықтарды басқару саласында өңделген және кәдеге жаратылған қалдықтардың үлесі 31%, тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ) — 9%, сонымен бірге, 2015 жылдан бастап өндірістік қалдықтар бойынша аталған индикатор 1,3 есеге өсті, ТҚҚ – 5 есеге өсті. 2018 жылы өндірістік қалдықтарды өңдеу үлесін 32%-ға, ал ТҚҚ — 11% жеткізу жоспарлануда.
2016 жылы автокөліктерге және олардың компоненттеріне, 2017 жылы электр жабдықтар мен қаптамаға ӨКМ енгізілді. ӨКМ-ді іске асыру кезеңінде (2016-2017 жылдары) 136,1 мың тонна қалдық жиналып, өңделді. Өңдеушілерге төлем мөлшері 5,2 млрд. теңгені құрады.

30 шілде 2018 ж. 830 2

Гость JeaOrer от 27 ақпан 2019 08:38
Kamagra Jelly Manufacturers Silagra 100 No Perscription Zithromax During Pregnancy viagra Discount cheapeast isotretinoin purchase in internet overseas pharmacy Buy Metformin Medicine Viagra 3 Day Delivery

Гость JeaOrer от 15 наурыз 2019 18:34
Propecia Produce Esterilidad Discount cheapeast isotretinoin purchase in internet overseas pharmacy generic cialis from india Ajanta Pharma Kamagra Oral Jelly