Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Энергетика министрі еліміз қашан 90 % бензинмен қамтылатынын айтты

Энергетика министрі еліміз қашан 90 % бензинмен қамтылатынын айтты


Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев еліміздің ішкі нарығын бензин және соляркамен 90%-ға қамтамасыз етуге уәде берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ. 

"Ішкі нарықтың биыл қаматамыз етілуі бензин бойынша 90%, дизель отыны бойынша 90%, авиакеросин бойынша 70%, мазут бойынша 100%-ды құрайтын болады", — деді Бозымбаев жұма күні ведомство коллегиясында.
Бұдан бұрын энергетика министрлігі Қазақстанның үш мұнай өңдеу зауыты жаңғыртылған соң, ішкі нарық мұнай тауарларымен толық қамтамасыз етіледі деп уәде берген еді. 
Алайда кейін Бозымбаев Шымкентте МӨЗ жөндеу жұмыстары келесі жылдың ортасында аяқталатындықтан, 2018 жылдың бірінші жартысында Ресейден әкелінетін жанармайға тәуелді боламыз деп ескерткен болатын.
26 ақпан 2018 ж. 1 004 0