«Автобус» іс-шарасы өткізілді
[video=
2023 жылғы мамыр айының 4 мен 6 аралығында облыс көлемінде «Автобус» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Соған байланысты аудан бойынша Сырдария аудандық полиция бөлімінің 21 қызметкері жүргізушілерге жол қозғалыс ережелерін қатаң сақтауға қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 49 әкімшілік хаттама рәсімделді. Атап айтқанда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 230-бабының 2-бөлігі (ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) бойынша 8, 571-бабының 2,3-бөлігі (Жолаушылардың тасымалдау қағидаларын бұзу) бойынша 10, 590-бабының 7-бөлігі (тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтау) бойынша 4, 590-бабының 9-бөлігі (мемлекеттік немесе міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеу) бойынша 7, 591-бабы (көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы) бойынша 8, 593-бабының 1-бөлігі (Жолаушыларды тасымалдау қағидаларын сақтамау) бойынша 8 және 612-бабы (Жүргізушінің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ) бойынша 2 дерек анықталып, тиісті шаралар көрілді.
Жүргізушілерге жол қозғалысы ережесін қатаң сақтау ескертіледі. Оны бұзғандарда жауапкершілік қаралады. Алдағы уақытта да аудан көлемінде жол ережесін сақтау тұрғысында жұмыстар тұрақты жүргізіле береді.
Сырдария аудандық полиция бөлімі