«С.Сейфуллин» бастауыш партия ұйымында жолдау насихатталды
«Amanat» партиясының Сырдария аудандық филиалына қарасты «С.Сейфуллин» бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған дәстүрлы Жолдауын насихаттауға арналған кездесу өтті.
Жиынды бастауыш партия ұйымының төрағасы Б.Есназар ашып, жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде Мемлекет басшысының биылғы Жолдауының маңызды тұстарына тоқтала келе, бұл Жолдау ел тұрғындарының экономикалық тұрғыдан тұрмыс жағдайын көтеруге бағытталғандығын, өзекті мәселелер көтерілгендігін, атап айтқанда, кәсіпкерлікті қолдау, тұрғындарды жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім сапасын арттыру секілді мәселелер жан-жақты қаралғандығын атап өтті.
Кездесу барысында партия белсенділері Жолдауда айтылған барлық міндеттердің елдің дамуына тың серпін беретінін айта келе, халықтың ең өзекті сауалдарына Жолдаудың нақты жауап бергендігін айтты.