Жастарды жұмыспен қамту және қолдау шаралары – басты назарда
Жастар саясатын дамыту, оларды жұмыспен қамту және жан-жақты қолдау мәселелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында айқындалған басым бағыттардың қатарында.Осы орайда Жолдауда көтерілген міндеттерді талқылау, жас мамандардың пікірлерін тыңдау және жастардың еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында «Жолдаудағы жастарды жұмыспен қамту және қолдау шаралары» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуде Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған жастар саясаты, жас буынды жұмыспен қамту, кәсіптік білім беру, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгерту және жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу, олардың кәсіби дамуына жағдай жасау және қоғам өміріне белсенді араласуын қамтамасыз ету бағытындағы міндеттерге ерекше назар аударылды.











