Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Нөсер жаңбыр, дауыл және үсік: 3 мамырға арналған ауа райы болжамы

Нөсер жаңбыр, дауыл және үсік: 3 мамырға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 3 мамыр күні ел аумағында қолайсыз ауа райы болатынын ескертті. «Қазгидромет» республика аумағы бойынша ескерту жариялап, тұрғындарды сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда күннің соңында нөсер жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетеді. Таулы аймақтарында (Медеу және Бостандық аудандары) жаңбыр мен бұршақ жауып дауыл соғып, желдің жылдамдығы 25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Шымкентте кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және дауыл тұрады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Алматы облысында күндіз батыста, оңтүстікте және таулы аймақтарда нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді. Қонаев қаласында күндіз найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан облысында жаңбыр, найзағай, дауыл, кей жерлерде күшті жаңбыр мен бұршақ күтіледі.

Жамбыл облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжанған. Таразда кей уақыттарда бұршақ жаууы ықтимал.

Қызылорда облысында найзағай, дауыл және шаңды дауыл күтіледі. 

Маңғыстау облысында (соның ішінде Ақтауда) түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

Ақтөбе және Қостанай облыстарында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында түнде -1...-2 градусқа дейін үсік жүреді. Солтүстік аймақтарда желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қарағанды және Ұлытау облыстарында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Сонымен қатар бұл өңірлерде жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, бірақ жел күшейіп, жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Фото: Ашық дереккөз
03 мамыр 2026 ж. 50 0