Құтқарушы болу – адам өміріне жауапкершілікпен қарау
Бүгінде қоғам түрлі қауіп-қатерге толы. Сол себепті де еліміз үшін қауіпсіздік басты мәселе ретінде белгіленген. Соңғы жылдары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар көбейіп кетті. Мәселен қыс айларында боран, өрт оқиғалары жиі тіркелетін болса, көктем шыға қар суының еруінен су тасқыны жиі орын алып жатады, ал жазда дала өрті көп тіркелуде. қауіп-қатерді болдырмау мақсатында Президент қ.тоқаевтың тапсырмасымен елімізде төтенше жағдайлардың алдын алу мен іс-қимылдар жөнінде ұзақ мерзімді бағдарлама дайындалып, жаңа министрлік құрылды. Осы тұста, «19 қазан – құтқарушылар күніне» орай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Асхат Оразбековпен сұхбаттасқан едік.
– Асхат Плалұлы, алдымен кәсіби мерекеңізбен құттықтаймын. Әңгімемізді төтеншеліктердің қоғамда атқарар рөлінен бастасақ.
– Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев 1995 жылы 19 қазанда төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орталық атқарушы органды құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың тиімді жүйесін құру ісіндегі шешуші сәт болды.
ҚР «Азаматтық қорғау» заңы бойынша іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
– Асхат Плалұлы, алдымен кәсіби мерекеңізбен құттықтаймын. Әңгімемізді төтеншеліктердің қоғамда атқарар рөлінен бастасақ.
– Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев 1995 жылы 19 қазанда төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орталық атқарушы органды құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың тиімді жүйесін құру ісіндегі шешуші сәт болды.
ҚР «Азаматтық қорғау» заңы бойынша іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
– Құтқарушылардың жұмысының маңыздылығына тоқталсаңыз?
– Құтқарушылардың жұмысы өте күрделі, көп қырлы және теориялық білім базасы мен әрі нақты жағдайда жақсы танымал тәжірибелік әрекеттерді білуден тұратын кәсіби деңгейдің жоғары дәрежесін талап етеді. Сонымен қатар, бұл жұмыс аса қауіпті. Себебі, құтқарушы кәсіби борышын өтегенде өліммен бетпе-бет қалатын сәттері көп болады. Көптеген құтқарушылардың зардап шеккен басқа адамдардың өмірін құтқару үшін өз өмірлерін де қиюға дейін баратынын ұмытпауымыз керек. Адамның қауіпсіздігі – құтқарушының басты ұстанымы. Ал оның айналасындағы қауіпсіз ортаны құру мен оны ұстауға, адамның төтенше жағдайдан шығуына өз өмірлерін арнаған батыл адамдар – құтқарушылар. Олардың мықты бірлігі апатпен күресте жан аямай бірге жұмыла қимылдаған кезде көрінеді.
– Осындай жауапкершілігі мол қиын қызметте кадр мәселесінде қандай қағидаға сүйенесіздер?
– Жалпы, осы салада еңбек етіп жүргендердің ішінде құтқарушылардың қызметі ерекше. Олардың жұмысы әрдайым қауіп-қатерге толы. Жауапкершілігі зор, қиын да күрделі мамандықтың иелері деп осы құтқарушылар аталса керек. Ең алдымен құтқарушылардың кәсіби даярлығы жоғары болуы тиіс. Құтқарушы шапшаң қимылдауы, тез ойлап, дұрыс шешім қабылдауы керек. Себебі, апат болып жатқанда жайбасарлыққа салынуға жол жоқ. Онда адамның өмірі маңызды. Сөздің шыны керек, қазір жастарымыз табысы көп жұмысқа барғысы келеді. Бұл жасырын емес. Ал біздің жұмысымыз жауапкершілігі мол нағыз ер мінезді азаматтарға арналған, халықтың алғысын алатын жұмыс. Халықтың, мемлекеттің мүлкін, адам өмірін құтқаратын бұл мамандыққа жастарды жұмысқа шақырғым келеді. Себебі, елге қызмет етіп, туған жерді түлетуге әрбіріміз жауапкершілікпен қарауымыз қажет.
– Биыл Азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 25 жыл толды. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің атқарған жұмысын қысқаша айтып өтсеңіз.
– Биыл жыл басынан бері 147 шақыртуға шықтық. Соның ішінде суға батып бара жатқан 2 адамды құтқарып қалдық. Мекемеге қарасты 3 өрт сөндіру техникасы бар. Өкінішке орай, соңы қайғымен аяқталған жағдайлар да болып тұрады. Біздің жігіттер қолдан келгенше құтқару амалдарын жасайды. Бірақ адамдар кейде өмірге үлкен қауіп төндірген апаттарға ұшырап жатады. Осындай өкінішпен біткен оқиғалардың салдарынан биыл 2 адам опат болды. Жыл басынан бері диспетчер пультіне көптеген апатты-құтқару шақыртуы келіп түсті. Әсіресе, су астында құтқару жұмыстарын жүргізу қиын. Өзеннің қатты ағысы, түбінің көрінбеуі, астында жатқан әртүрлі заттар, судың салқындығы сүңгуірлерге көп кедергісін тигізеді. Бақсы-балгерлердің сәуегейлігі одан да зор кесір. Суға батқан адамның туыстарын тірі жүр деп үміттендіріп, құтқарушыларға іздестіру жұмыстарын атқаруға мұрша бергізбейді. Бізге «112», «101» бірыңғай кезекшілік қызметі арқылы хабар келіп түседі. Дабыл қағылған сәтте санаулы минуттар ішінде құтқарушылар жасағы жолға шығады. Бұл жедел жәрдем, өрт сөндірушілер секілді бағыты айқындалған қызмет емес.
Иә, бүгінде төтенше жағдайлар қызметкерлерінің беделі жоғары бұл жауапты да қиын мамандықты игеру кез-келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Сала мамандарының өз істерін абыроймен атқаруы құтқарылған адам өмірімен өлшенеді.
Сұхбаттасқан Майя ҚОЖАБАЙ