Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз
Бүгін Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің жобасы аясында Сырдария Нұрдария қоғамдық қорының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!" атты акция болып өтті.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ жобаны жүзеге асыру жұмыстары бойынша ауданның мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен кездесіп адалдық құндылықтарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез - құлық модель дәріптеу, құқықтық сананы арттыру бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы, Халық және КМФ Банкі, Салық басқармасы, Орман және аңшылық қорғау мекемесі, коледж қызметкерлерімен кездесіп ақпараттық насихаттау материалдарынан таратты.










