Көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқаны аясында кездесу ұйымдастырылды
Сырдария аграрлы-техникалық колледжінде көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқаны аясында тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Ауған соғысының ардагері Ғалым Байтұрғанов қатысып, студент жастармен еркін пікір алмасып, өз өмір жолы мен әскери қызметтің маңызы туралы ой бөлісті.Іс-шара барысында ардагер жас ұрпаққа отансүйгіштік, ерлік пен жауапкершілік туралы айтып, Отан алдындағы борышты адал атқарудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, жастарды елін, жерін қорғауға дайын болуға, тәртіп пен бірлікке шақырды.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың патриоттық рухын арттырып, елге деген сүйіспеншілігін нығайтуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады.










