Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№75 газет

03 қазан 2026 ж.

№74 газет

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 газет

26 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Ел қазынасы

1 қазан – халықаралық қарттар күніне орай Сырдария ауданында «Қариялар – елдің қазынасы» атты мерекелік концерттік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Берік Сәрменбаев, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, халық қалаулылары, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Кеш шымылдығы қазыналы қарттардың өнегелі өмір жолын, ел мен жерге сіңірген еңбегін арқау еткен тақырыптық бейнероликпен ашылды.

Өз кезегінде аудан әкімі Берік Сәрменбаев ақ жаулықты әжелер мен ақса­қалды аталарды, ардагерлер қауымын мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

– Ардақты ардагерлер! Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі күн – еліміздің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан, жүрегінде ел мен жерге деген адалдықтың оты мәңгі сөнбеген қазыналы қарттарымыздың мерейлі мерекесі. Хал­қымызда «Төріңнен қартың кетпесін» деген қанатты сөз бар. Біз – қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз. Әркез алдыңғы буын аға-апаларымыздың ел дамуы жолындағы қажырлы еңбегін үлгі тұтамыз. Өйткені, ардақты ардагерлердің жүріп өткен жолы – өнеге мен тағылым мектебі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Халқымыз үнемі үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білген. Осы құндылықты дәріптеп, бүгінге жеткізу арқылы қа­рияларымыз ұлт ретінде сақталуымыз үшін барын салған» деп қазыналы қарт­тарымыздың қоғамдағы рөлін ай­қындап берді. Бүгінде қарттарға, зейнеткерлер мен ардагерлерге қолдау көрсету – мем­лекетіміздің басты басымдықтарының бірі. Мемлекет басшысының қолдауымен елімізде ардагерлердің өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік қолдау, медициналық қызмет көрсету мақсатында жүйелі жұ­мыстар жүргізілуде. Ай­мағымызда елі­мізге, өңірімізге танымал меценат, жанашыр азаматтардың демеушілігімен қа­рия­ларымыз шипажайларда кешенді са­уық­тыру қызметтерін алуда. Біздің ар­дагерлеріміз демеушілердің қолдауымен «Ақсу» шипажайына барып, сауықтыру шараларын қабылдағанын атап өткеніміз жөн. Бүгінде облысымызда Ұлы Отан соғысының ардагері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы, 104 жастағы батагөй ақсақал Яхия Тасыров атамыз арамызда жүр. Бізге бейбіт өмір сыйлаған қарт майдангерге әрқашан құрмет көрсетіле береді. Ауданда 72 тыл ардагері және 4582 зейнет жасындағы қария кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетуде. Биыл 30 ардагеріміз Түркістан қаласына саяхаттап барып, шаһардың көрікті жерлерін тамашалады. Қарияларымыз «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық және облыстық кезеңіне қатысып, өнегелі әулет ретінде үлгі болуда. Биыл ауданнан барған өнегесі мол қарияларымыз отбасымен бірге облыстық кезеңде мерей тұғырынан көрінді. Сіздер барлық құрметке лайық екендеріңізді атап өткім келеді. Себебі, әрбіріңіздің ауданымыздың өсіп-өркендеуіне қосқан еңбектеріңіз зор. Сол себепті үлгі болар өнегелі істеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Қазақ халқы «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» деген. Бұл – халықтың ғасырлар бойғы құрметінің айқын көрінісі. Сіздердің даналықтарыңыз, өмірлік тәжірибелеріңіз бізге – кейінгі буынға жол көрсетер бағ­даршам. Ел ішінің татулығы мен бірлігін сақтауда, ұлттың рухын биік ұстауда ардақты ардагерлеріміздің рөлі ерекше. Біз мұны ешқашан ұмытпаймыз. Мерейлі мерекеде баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін, – деді аудан әкімі.

Өз кезегінде бірқатар ардагерге арнайы марапат табысталып, олардың еңбегі мен ел алдындағы қызметі лайықты бағаланды. Салтанаттты іс-шарада аудан өнерпаздары өнер көрсетті. Арнайы кітап көрмесі қойылып, «Ұлт болып оқимыз» жобасы кеңінен насихатталды.


Б.ОРДАБЕКОВ
03 қазан 2026 ж. 49 0