Қадірлі қарияларды мерекемен құттықтады
Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетов, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов және облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергеновпен бірге қадірлі қариялардың шаңырағына арнайы барып, Халықаралық қарттар күнімен құттықтады.Аудан басшысы ғибратты ғұмыр иелері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы, соғыс және еңбек ардагері Яхия Тасыровқа, медицина саласының ардагері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Рүстем Садықовқа және білім саласының ардагері Роза Әбдуоваға ізгі тілегін жеткізіп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі.
Кездесу барысында аудан әкімі ардагерлердің ел игілігі жолындағы еселі еңбегі мен өмірлік тәжірибесі кейінгі буынға әрдайым өнеге екенін атап өтті. Сондай-ақ аға буын өкілдеріне аудан әкімінің Құттықтау хаты табысталып, арнайы сый-құрмет көрсетілді.
Қарияларға құрмет көрсету – ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жарқын көрінісі. Сыр елінің дамуына өзіндік үлес қосқан ардагерлердің өнегелі жолы кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар болып, олардың ақыл-кеңесі мен батасы ел игілігіне қызмет ете бермек.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі










