Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аудан әкімі қадірлі қарияларды мерекемен құттықтады

Аудан әкімі қадірлі қарияларды мерекемен құттықтады

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев және Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетовпен бірге қадірлі қариялардың үйлеріне барып, мерекемен арнайы құттықтады.

Аудан басшысы ғибратты ғұмыр иелері, Сырдария ауданының Құрметті азаматтары, соғыс және еңбек ардагері Яхия Тасыровқа, тыл ардагері Рақымжан Бәйменовке және ақын, Қазақстанның Құрметті журналисі Мұхтар Сақтаповқа игі тілегін жеткізді. Ел игілігі үшін жасаған қажырлы еңбектері өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге екендігін атап өтіп, «Құттықтау хат» және арнайы сый-құрмет көрсетті.

Мерекеде көрсетілген құрметке ризашылығын білдірген қазыналы қариялар елдің амандығы мен тыныштығын тілеп, ақ баталарын берді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
03 қазан 2024 ж. 372 0