Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№74 газет

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 газет

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 газет

22 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Аудан әкімі ардагерлерді жаңа жылмен құттықтады

Аудан әкімі ардагерлерді жаңа жылмен құттықтады

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев және аудандық маслихат төрағасы Ержан Ертарғынұлы, аудандық мәслихат депутаты Алмас Зейноллаұлы бірге қадірлі қариялардың үйлеріне барып, мерекемен арнайы құттықтады.

Аудан басшысы ғибратты ғұмыр иелері денсаулық саласының ардагері Бақтыбаева Жәмила,ауылшаруашылығы саласының ардагері Дүйсенбаев Болат және білім саласының ардагері Роза Шайхисламқызына игі тілегін жеткізді. Ел игілігі үшін жасаған қажырлы еңбектері өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге екендігін атап өтіп, «Құттықтау хат» және арнайы сый-құрмет көрсетті.

Мерекеде көрсетілген құрметке ризашылығын білдірген қазыналы қариялар елдің амандығы мен тыныштығын тілеп, ақ баталарын берді.

01 қаңтар 2026 ж. 137 0