Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДИТОРЛЫҚ ЕСЕП ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙДІ

АУДИТОРЛЫҚ ЕСЕП ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙДІ


Бюджет қаражатын негізсіз жоспарлау, бекітілген нормативтен жоғары шығындардың жоспарланып жұмсалуы, мемлекеттік сатып алу заңнамаларының сақталмауы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер мен кәсіпорындарда жиі кездесетін бұзу­шы­лықтар саналады. Осыған орай, қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан бойынша жергілікті атқарушы органдар мен бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қатысуымен семинар болды. Семинарға Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Қ.Тұрымтаев, осы департаменттің бас мамандары А.Алиева, М.Есенбаев, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы Д.Әбілқасымов, облыс әкімі аппаратының ішкі аудит бөлімінің бас маманы Е.Сауранбекұлы қатысты.
Семинарды ашып, жүргізген аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов жоспарлы түрде ұйымдастырылып отырған жиынның барысында Қазақстан Респуб­ликасының Бюджеттік Кодексі, Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, мемлекеттік сатып алу заңнамаларының сақталуы, мемлекеттік сатып алудың камералдық бақылауы тақырыптары талқыланатынын айтты. Облыс бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Қайрат Қазиханұлы келешекте бақылау объектілеріне бармай камералдық бақылау жүргізу арқылы қаржылық және мемлекеттік сатып алу заңнама бұзушылықтарының, әкімшілік және қыл­мыс­тық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау т.б. болатынын айтты. Сондай-ақ, мекемелерде орын алатын бұзушылықтар қатарына негізгі қорлар мен материалдық құндылықтардың бухгалтерлік есеп бойынша кіріске алынбауы және осы құндылықтарға амортизацияның дұрыс есептелмеуі, бухгалтерлік есеп бойынша дебиторлық және кредиторлық қарыздарды көрсетпей, бұрмаланған бух­гал­­­терлік есеп жасаулар кіреді. Осындай бұзушылықтарға жол берілуінің салдарынан бюджет қаржысының тиімсіз, мақсатсыз жұмсалуына, бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жетпейді. Кейбір жағдайларда бухгал­терлік есептің дұрыс жүргізілмеуінен бюджет қаржысы талан-таражға түседі.
Жалпы ішкі мемлекеттік аудит депар­таменті бюджеттік бағдарламалардың әкім­­ші­­лері мен мемле­кеттік мекемелердің қар­жылық есеп­тілігіне жыл сайын аудит жүргі­зіледі. Сонымен қатар камералдық бақылау жүргізу қағидаларында айқын­далған тәртіп­пен каме­рал­дық бақылауды жүзеге асырады. Осы және басқа да бюджеттік бағдарламаларға қатысты сауалдар бойынша сала мамандары өз пікірлерін білдірді.


Б.ЖАНӘЛІ
17 сәуір 2018 ж. 1 607 0