Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ


«Аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімі» КММ-сі дербес бөлімдер, кент және ауылдық округтердегі мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандар арасында аудан көлеміндегі мемлекеттік сатып алудағы мәселелер мен өзгерістер бойынша семинар өткізді. Семинарда бөлім басшысы М.Қаныбаев аудан көлеміндегі өзекті мәселелерге тоқталып баяндама жасады және аудан көлемінде куратор мамандары бекітілгенін жеткізе отырып алдағы уақытта дербес бөлімдер, кент және ауылдық округтердегі мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандарымен сатып алу мәселелері мен мемлекеттік сатып алудағы орын алған кемшіліктердің алдын алу үшін тығыз жұмыс жасауға шақырды. Одан әрі өз кезегінде сатып алу мамандарынан тағайындалған куратор мамандары сөз алып алдағы уақытта болатын өзгерістерге тоқталды және мемлекеттік сатып алу веб-порталынан сатып алу тәсілдерін көрсете отырып,түсіндіріп сұрақтарға жауап берді.

«Тт» ақпарат
12 маусым 2018 ж. 1 185 0