Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 19-21 қыркүйек: елдің солтүстігі мен батысында жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтіледі

19-21 қыркүйек: елдің солтүстігі мен батысында жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтіледі

Республиканың солтүстік-батысында, кейін солтүстігінде жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы көтеріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ал еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының кей жерлерінде найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, жел күшейеді.

Таулы аймақтарда кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі.

Оңтүстік өңірлерде жылы ауа райы сақталады.

Күндіз ауа температурасы еліміздің солтүстігінде +17…+25°С, орталық және батыс өңірлерінде +20…+28°С-қа дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыста +27…+32°С-қа дейін көтеріледі.

Фото: ашық дереккөзден
19 қыркүйек 2026 ж. 1 094 0