Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » 23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК мамандары 23 қыркүйек күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады. Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында және солтүстігінде, сондай-ақ оңтүстік-шығысының таулы аудандарында фронттардың ықпалымен ауа райы құбылмалы болады.

Соның әсерінен жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысының таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Солтүстігінде аздаған жауын-шашын болады. Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жел күшейіп, батысында және оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында тұман түседі.
23 қыркүйек 2021 ж. 677 0