Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Жастардың денсаулығы тексерілді

Жастардың денсаулығы тексерілді

Сырдария аудандық емхананың базасында «12 тамыз – Халықаралық жастар күні» аясында арнайы «Ашық есік күні» өткізілді. Оған аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Айгүл Ахметова, аудандық емхана дәрігері Гүлжамал Ізтаева, сала мамандары қатысты.

Арнайы іс-шара барысында аудан жастарының денсаулығы жіті тексеріліп, барлығына дәрігерлер тарапынан жан-жақты кеңес берілді. Өз кезегінде медицина мамандары жастарды скринингтік тексеруден өткізіп, сырқаты бойынша мамандадырылған дәрігерлерге жолдады. Сонымен қатар саламатты өмір салтын ұстануға қатысты түсіндірме жұмысы жүргізіліп, денсаулықты күтудің қыр-сыры қамтылды.

– «12 тамыз – Халықаралық жастар күні» аясында он күн бойы іс-шара өткізу жоспарланған. Бүгін аудандық емханада жастардың денсаулығын жағдайына көңіл бөлініп, скринингтік тексеру жүргізілді. Бұның барлығы – жастарды саламатты өмір ұстануға бағыттау екені даусыз. Алдағы уақытта мұндай іс-шаралар жалғасын табатын болады, – деді Айгүл Ахметова.


Сырдария аудандық ауруханасы
06 тамыз 2025 ж. 333 0