Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құрылыс жұмыстары сапалы жүргізілуі қажет

Құрылыс жұмыстары сапалы жүргізілуі қажет

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Шаған ауылдық дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстарын көріп, құрылыс сапасына мән берді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен өңірде медициналық нысандар жаңартылуда. Оның ішінде, биыл Шаған ауылындағы дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өткізілуде. Бұл жұмыстар сапалы болуы қажет және мерзімінде аяқталуы тиіс, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Медициналық нысан құрылысымен танысу барысында аудан басшысы мердігер компания өкіліне кемшіліктер орын алмау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, құрылыс сапасын бақылауда ұстауды салалық орынбасары мен тиісті мамандарға тапсырды.

Айта кетейік, медициналық ғимаратты күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 328 млн. теңге бөлінген. Қазіргі таңда амбулаторияда ішкі әрлеу және сыртын қаптау жұмыстары жүргізілуде.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

02 шілде 2025 ж. 468 0