Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 газет

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «Сырдария аграрлы – техникалық колледжінің» директоры тағайындалды

«Сырдария аграрлы – техникалық колледжінің» директоры тағайындалды

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен актив отырысы өтті. Актив жиынында аудан басшысы кадрлық өзгерістерді таныстырды. Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының бұйрығымен «Сырдария аграрлы-техникалық колледжінің» директоры қызметіне Күзербаева Жанар Еркінбекқызы тағайындалды.

Жанар Еркінбекқызы 1985 жылы Сырдария ауданында дүниеге келген. 2001-2006 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Тарих пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Тереңөзек кентіндегі №210 орта мектепте тарих пәні мұғалімі болып бастаған. 2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Сырдария аграрлы-техникалық колледжінде» директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келді.

Аудан басшысы жаңа басшының қызметіне сәттілік тілеп, колледждің білім сапасын арттыру, материалдық-техникалық базасын нығайту және білікті мамандар даярлау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

03 маусым 2026 ж. 253 0