Қадрлық өзгерістер таныстырылды
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен актив отырысы өтті. Актив жиынында аудан басшысы кадрлық өзгерістерді таныстырды.– «Тереңөзек тазалығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарып келген Нұрсейітов Дәуіржан Шахарбекұлы басқа қызметке ауысуда. Өздеріңізге белгілі, 2024 жылдан бері «Тереңөзек-Тазалығы» мекемесі кент тазалығын қамтамасыз етіп келеді. Осы жұмыстардың сапалы орындалуына, аудан орталығының абаттандыру, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына Дәуіржан Шахарбекұлы үлкен үлес қосты. Жаңадан ашылған мекеме жұмысын дұрыс жоспарлап, санитарлық тазалық, тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу жұмыстарын ұйымдастыра білді. Дәуіржан Шахарбекұлы, ауданның көркейту-көгалдандыру жұмыстарына қосқан үлесіңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін,– деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Аудан басшысы Дәуіржан Шахарбекұлын ауданның "Құрмет грамотасымен" марапаттады.
2026 жылдың 1 сәуірінен бастап «Тереңөзек тазалығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне Маханғалиев Ғалымжан Серікбайұлы тағайындалды. Ғалымжан Серікбайұлы 1967 жылы Сырдария ауданында дүниеге келген. 1989 жылы «Авто жолдар техникумын» бітірген. 1990-2011 жылдар аралығында аудандық полиция бөлімінде абыройлы қызмет атқарып, зейнетке шыққан. 2011 жылдан бері «Мерей және К» серіктестігін құрып, бүгінгі күнге дейін кәсіпкерлік саласында жұмыс атқарып келді.
Аудан басшысы Ғалымжан Серікбайұлына сәттілік тілеп, аудандағы абаттандыру, көркейту және көгалдандыру жұмыстары бойынша тапсырмалар жүктеді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі











