Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен өткен актив жиынында аудан әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалған Байдушев Димаш Серікбайұлы таныстырылды.Димаш Байдушев 1980 жылы Сырдария ауданында дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша және Қазақ гуманитарлық заң университетін «Заңтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы Сырдария аудандық сотында кеңсе меңгерушісі болып бастаған. Әр жылдары аудандық сотта жетекші маман, сот хатшысы, бас маман, сот кеңсесінің басшысы, Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.
2018 жылдан бері аудан әкімінің орынбасары лауазымын абыроймен атқарып келді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі









