30 градусқа дейін ыстық: 1 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Синоптиктердің болжамынша, бүгін кей өңірлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Egemen.kz.Астанада көшпелі бұлт жүреді, бірақ жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с деңгейінде болады. Ауа температурасы түнде -1...+1°C аралығында болса, күндіз +13...+15°C-қа дейін жылынады.
Алматыда күн ашық болады. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с-қа дейін жетеді. Түнде термометр бағаны +12...+14°C көрсетсе, күндіз нағыз көктемгі жылу орнап, ауа температурасы +25...+27°C-қа дейін көтеріледі.
Шымкентте де жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз күн +27...+29°C-қа дейін ысиды.
Елдің батысында ауа райы құбылмалы болады. Ақтау, Атырау және Орал қалаларында жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтіледі. Желдің екпіні 14 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Қызылорда мен Түркістанда термометр бағаны +30°C-қа дейін көтеріледі. Қызылордада жаңбыр жаууы ықтимал. Таразда жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Қарағанды мен Жезқазғанда жауын-шашынсыз, күндіз +17...+25°C жылы.
Павлодарда тұман түседі, күндізгі температура +9...+11°C деңгейінде.
Өскемен мен Семейде түнде -3°C-қа дейін үсік жүреді, күндіз ауа +8...+15°C-қа дейін жылынады.
Солтүстік өңірлерде (Көкшетау, Қостанай, Петропавл) көшпелі бұлт жүреді, бірақ жауын-шашын болмайды. Күндізгі температура +13...+18°C шамасында болады.
Еске сала кетейік, кеше ел аумағының басым бөлігінде күн райы жауын-шашынсыз болды.
Фото: Ашық дереккөз









