«Кітап – ұлттың рухани тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті
«Руханият» орталығында аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне орай «Кітап – ұлттың рухани тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті. Жиынға аудан ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері, кітапханашылар және оқырмандар қатысты.Шара барысында рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған түрлі танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Кітап көрмелері, ұлттық әдебиет пен әлемдік классиканың жауһарларына арналған бұрыштар және кітап керуені көпшілік назарына ұсынылды.
Аудан басшысы тұрғындар мен оқырмандарды «Ұлттық кітап күнімен» құттықтап, кітаптың баға жетпес байлық екенін атап өтіп, бұл күннің рухани-танымдық маңызына тоқталды.
– Кітап – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани қазына, баға жетпес байлық. Бұл күн – кітаптың қоғамдағы рөлін дәріптеп, білім мен парасатты биікке көтеретін айтулы мереке. Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен «Ұлттық кітап күні» аталып өтуде. Президентіміз: «Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Озық ойлы ұлт болудың төте жолы – кітап оқу», – деп ерекше атап өтті.
Бүгінде ауданда 17 кітапхана
жүйесі және білім ошақтарында кітапханалар бар. Аталған кітап қорларын сақтау және халыққа жеткізуде 50-ден астам кітапханашы аянбай қызмет етіп келеді. Жыл сайын кітап қорлары жаңартылып, кітапхана жұмысы заманауи техникалармен толықтырылуда. «Коворкинг» орталығы, тегін интернет желісі және аудио-видео құрылғылар пайдаланушылардың электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеуіне мүмкіндік беруде. Осындай жұмыстардың нәтижесінде жергілікті оқырмандардың белсенділігі, жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығы жыл санап артуда. «Кітап – алтын қазына» десек, сол қазынаны оқырмандарға жеткізіп жүрген кітапханашыларға алғысымыз шексіз, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
жүйесі және білім ошақтарында кітапханалар бар. Аталған кітап қорларын сақтау және халыққа жеткізуде 50-ден астам кітапханашы аянбай қызмет етіп келеді. Жыл сайын кітап қорлары жаңартылып, кітапхана жұмысы заманауи техникалармен толықтырылуда. «Коворкинг» орталығы, тегін интернет желісі және аудио-видео құрылғылар пайдаланушылардың электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеуіне мүмкіндік беруде. Осындай жұмыстардың нәтижесінде жергілікті оқырмандардың белсенділігі, жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығы жыл санап артуда. «Кітап – алтын қазына» десек, сол қазынаны оқырмандарға жеткізіп жүрген кітапханашыларға алғысымыз шексіз, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Салтанатты жиын соңында кітапханашылар мен белсенді оқырмандарға кітап оқу мәдениетін дәріптеу жолындағы еңбектері үшін аудан әкімінің «Алғыс хаты», Қазақстандық салалық кәсіподақтың Құрмет грамотасы, облыстық салалық кәсіподақтың «Алғыс хаты» табысталып, сый-құрмет көрсетілді.
Сондай-ақ, Ұлттық кітап күніне орай аудан әкімдігінің атынан аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне LED-экран мен дыбыс күшейткіш аппаратурасы сыйға берілді.
Іс-шара соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі









