Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың «Ұлттық кітап күнімен» құттықтауы

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың «Ұлттық кітап күнімен» құттықтауы

Құрметті кітапсүйер қауым!

Баршаңызды Ұлттық кітап күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен биыл «Ұлттық кітап күні» алғаш рет аталып өтілуде. Президентіміз «Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Озық ойлы ұлт болудың төте жолы – кітап оқу» деп ерекше атап өтті. Сол себепті әлемдік өркениеттің көшінен қалмау үшін бізге ең алдымен – білім, ізденіс, рухани дамуға ұмтылыс қажет. Ал бұл жолдағы ең сенімді серігіміз ол – кітап.

Кітап – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани қазына, баға жетпес байлық. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Кітап – өткенді танытатын кілт, болашаққа бастайтын жол» деп атап көрсеткен. Сондықтан сарқылмас қазына – саналы ұрпақ өсірудің, ел болашағын кемел етудің кепілі саналады.

Құрметті жерлестер!

Кітапты сүю – білімге, парасатқа, адамзаттық құндылықтарға ұмтылу деген сөз. Сондықтан оқырман жүрегі кітаппен нұрлансын!

Ұлттық кітап күні құтты болсын!

24 сәуір 2025 ж. 253 0