Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ – БОЛАШАҚҚА БАТЫЛ ҚАДАМ

ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ – БОЛАШАҚҚА БАТЫЛ ҚАДАМ


Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында ел дамуындағы он басым­дықты айқындады. Солардың бастысы Қазақ­стан индустриясы жаңа технологиялар ен­гізудің көшбасшысы болуы тиіс. Ол үшін цифрландыру, еңбек өнімділігін арттыруға мүм­кіндік беретін автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интелект, «ауқымды мәлі­меттер» алмасу, бір сөзбен айтқанда, IT технологияларын өндіру шаралары кезек күттірмейді. Қазіргі күннің өзінде сот саласы бұл мәселеде өзге органдардан оқ бойы озық тұр деуге болады. Цифрландырудың түпкі мақсаты – басқару жүйесін толық автоматтандыру, яғни, жүйе адам факторынсыз тексеру нысанын өзі анықтайды. Ал, адам факторы болмаған жерде заңсыздыққа жол берілмейтіні ақиқат.
Біздің буын керемет уақытта дүниеге келіп, өмір сүріп жатыр деп санаймын. Себебі, біз тәуелсіз елде туып, еліміздің жыл санап саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыда нығайып келе жатқанына куә бола жүріп, оған өз үлесімізді қосу мүмкіндігіне ие болдық. Осының бәрі – Қазақстанның әлемдік аренада мойындалғанының айқын белгісі. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы еліміздің әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі деп санаймын. Әсіресе, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы үшін ерекше қуаныштымын. Себебі, болашақ технологияға байланысты, технологиялық тұрғыда дамуға қол жеткізу басқа салаларға да серпін береді. Сонымен қатар, IT бағдарламалар шығындарды азайтып, уақытты үнемдеуге көмектеседі, адамдар өзара ақпарат, тауар және қызмет түрлерімен алмаса алатын болады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты­ның сайтында 2014 жылы «Сот кабинеті» сер­висі іске қосылып, электронды цифрлы қолтаңбаға ие азаматтар сотқа талап арыз, шағым, өтініш, пікір немесе қарсы талап арызды электронды түрде беріп, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуде. Сонымен қатар, Жоғарғы Сотта өткен жылдан бас­тап сот процестерін бақылайтын ахуалдық орталық іске қосылды. Сондай-ақ, «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 20-қадамын орындау барысында барлық сот залдары бейне-дыбыс жүйесімен, соның ішінде, бейне байланыс құрылғыларымен жабдықталған.
Цифрлы технология елімізді әлемдегі озық отыз мемлекеттің қатарына қосатын негізгі жолға айналмақ.

Абдрахман Абдулла,
аудандық соттың төрағасы,
Заңгерлер Одағының мүшесі
19 маусым 2018 ж. 2 473 0