Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
Екінші маусымда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сүйеніп.
Бүгін елдің басым бөлігінде жауын жауып, күн күркірейді. Жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады. Тұман түсіп, бұршақ жаууы да ықтимал. Тек елдің оңтүстік-шығысында, шығысында және батысында ғана күн ашық болады.
Жамбыл облысының басым бөлігінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрді болады. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында жылдамдығы секундына 30 метр және одан да күшті жел соғады.
Жекелеген аудандарда бұршақ жаууы ықтимал. Қызылорда облысында түнде кей жерлерде жел күшейіп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды.
Күндіз өңірдің басым бөлігінде 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, кей жерлерде ол 23-28 метрге дейін күшейеді. Жекелеген аудандарда шаңды дауыл көтеріліп, бұршақ жаууы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан облысында түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде желдің жылдамдығы 15-20 метр болмақ.
Ақмола, Павлодар облыстарында түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, ал күндіз басым бөлігінде 15-20 метр болады
Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде -2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.