Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің бірқатар аймағында жел күшейіп, жаңбыр жауады

Еліміздің бірқатар аймағында жел күшейіп, жаңбыр жауады


Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды; жел күшейіп, дауыл соғуы, бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-25 м/с болып, күндіз кей жерлерде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады. Қарағанды, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.
Күндіз Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, бұршақ жауады деп болжанады. Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл тұруы мүмкін.
Күндіз Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.
Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында қатты ыстық болып, кей жерлерінде күн өте қатты ысиды.
Маңғыстау, Атырау облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі болжанады.
baq.kz
27 маусым 2018 ж. 1 228 0