Қараша айында ауа райы қандай болады?

– Қараша айының бірінші онкүндігінде ауа температурасы күндіз +10+15 градусқа дейін, ал түнде 0+5 градус жылы ауа райы сақталады. Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде -1-6 градус, күндіз +2+7 градус шамасында болжанады. Ал үшінші онкүндікте түнде -4-9 градустан -2+3 градусқа дейін, күндіз -1+4 градустан +6+11 градусқа дейін жоғарылауы күтілуде. Облыстың басым бөлігінде жауын-шашынның айлық мөлшері норма шамасында, аймақтың солтүстігінде нормадан көп жауады. Сондай-ақ, жиі тұман түседі. Осы айда желдің екпіні 15-20 м/с- қа дейін күшейіп, бірінші онкүндіктің ортасы мен екінші онкүндіктің бірінші жартысында күтіледі, - деді Әйгерім Болатбекқызы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі