Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жемқорлықтың соңы – жауапкершілік пен жаза

Жемқорлықтың соңы – жауапкершілік пен жаза

Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселесіне айналып отыр. Алдына үлкен мақсат қойған мемлекеттің жемқорлықты жеңуге деген ықыласы да, пәрмені де мықты болуы керек. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Әрбір қоғам дамуының күнгей жа­ғы­ мен көлеңкелі тұсы да қатар жүреді. Елдің әлеуметтік хал-аухалы жақсарып, экономикалық жоғары да­му деңгейіне жету – маңызды. Халқы­мыздың демографиялық өсіп-өнуін көз­деген шаралар жасалып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту – әрқайссымыздың аза­маттық борышымыз болып табылады.

Біздің еліміздің тәуелсіздік алған соң басқа басымдықтардан бұрын, ең алдымен құқықтық мемлекет құруды мақсат етуінің өзі осы кез келген саланың дамуын құқықтық жақтан мінсіз қамтамасыз етуге негізделсе керек.

Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауат­сыздығын жоятын, құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.

Жемқорлық – жай құқық бұзу­шылық емес. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерт­тің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қол­дану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Сондықтан сыбайлас жемқорлық­пен күресу барлық Қазақстан Респуб­ликасы азаматының азаматтық борышы деп білу керек.

Дархан КҮЗЕРБАЕВ,
Сырдария аудандық соты
әкімшісінің жетекші маманы

31 желтоқсан 2025 ж. 142 0