Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу – біздің ортақ парызымыз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу – біздің ортақ парызымыз

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Алдына үлкен мақсаттар қойған елдің жемқорлықты жеңуге деген ықыласы да, пәрмені де мықты болуы керек. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің  қай-қайсысын  да қатты алаңдататыны анық.

Әрбір қоғам дамуының күнегей жағымен қатар көлеңкелі тұсы да бар қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-аухаты жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту - әрқасымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.
 Біздің еліміздің тәуелсіздік алған соң басқа басымдықтардан бұрын, ең алдымен құқықтық мемлекет құруды мақсат етуінің өзі осы кез келген саланың дамуын құқықтық жақтан мінсіз қамтамасыз етуге негізделсе керек.

 Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.

 Жемқорлық- жай құқық бұзушылық емес. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы  ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы  азаматтарының  азаматтық  борышы  деп  білу  керек.

Дархан  Кузербаев 
Сырдария аудандық
соты әкімшісінің жетекші маманы
19 желтоқсан 2025 ж. 38 0