Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мінсіз қоғам – жемқорлықсыз қоғам

Мінсіз қоғам – жемқорлықсыз қоғам

Сыбайлас жемқорлық бүгінде күрделі мәселеге айналып отыр. Қоғам дертімен күресу – еліміздің бірден-бір қолға алған факторлардың бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап өтті. Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек.

Мінсіз қоғам – жемқорлықсыз қоғам, саламатты өмір – парақорларсыз өмір, мықты мемлекет – жемқорларсыз мемлекет. Сыбайлас жемқорлық еліміздің экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігіне орасан зор нұқсан келтіріп қана қоймай, нарықтық экономиканың дамуына залалын тигізеді. Айналамызды ашкөз алаяқтардан тазарту, жемқорлармен күресу барлығымыздың азаматтық борышымыз. Сондықтан мемлекет пен қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігіп, әрекет етуі керек.

Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттыру­дың маңызы зор. Мемлекеттік стратегияның негізгі басымдығының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті.

Сағдат НҰРМАҒАНБЕТОВ,
Н.Ілиясов ауылдық округінің әкімі
Фото:Ашық дереккөзден
19 қазан 2024 ж. 44 0