Облыстық жазба ақындар мүшәйрасының бас жүлде иегері атанды
Бүгін Қармақшы ауданында саналы ғұмырын білім беру саласына арнаған ұлағатты ұстаз, тыл ардагері, ел анасы Ақбалыш Жалғасованы еске алуға арналған жазба ақындардың облыс деңгейдегі жыр-мүшәйрасы өтті. Тағылымы мол әдеби іс-шараны облыс әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай ашып, облыс әкімі Н.Нәлібаевтың жазба ақындар мүшәйрасына қатысушыларға арнаған ізгі лебізін жеткізді.
Мүшәйраға Қызылорда қаласы мен аудандардан 21 ақын қатысып, бірінші кезеңде А.Жалғасоваға арнау, екінші кезеңде тұтас түркі өркениетінің алтын арқауы болған ерлік пен елдік, бірлік пен батырлық идеясы туралы «Оғыз-жыр» тақырыбында өлең оқыды. Ақындардың өлеңін белгілі жырау, ҚР Медниет қайраткері Берік Саймағанбетов, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Нұрлан Көбегенұлы, «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Райымбаева бағалап, қазылық етті.
Жыр мүшәйрасының қорытындысында сырдариялық ақын Ақтөре Ибрагимұлы бас жүлде иегері атанды. Арнайы алғыс хат пен сыйақыны Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек табыстап, ақынның арнау өлеңі мен шығармашылық ізденісін жоғары бағалады. Сонымен қатар ұлағатты ұстаз, тыл ардагері, ел анасы Ақбалыш Жалғасованың ғибратты ғұмыры, тағдыр жолы ел-халыққа үлгі-өнеге екенін айтып өтті.
Айта кетсек, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаз-ананың өнегелі өмірін ұлықтау мақсаты










