Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Референдумға келе алмайтын тұрғындар үйден дауыс берді

Референдумға келе алмайтын тұрғындар үйден дауыс берді

Сырдария ауданында денсаулығына байланысты референдум учаскесіне келе алмайтын азаматтар үйден дауыс беруде. Олар арнайы өтініш қалдырып, комиссия мүшелерінің көмегімен бюллетеньдерін толтыру мүмкіндігіне ие болды.

Арнайы жылжымалы жәшіктер арқылы комиссия әр үйге барып, тұрғындардың өз таңдауын жасауына жағдай жасап отыр. Бұл іс-шара әрбір азаматтың конституциялық құқығын толық жүзеге асыруға бағытталған.

Үйде дауыс беру процесі де жалпы тәртіпке сай жүргізіліп, комиссия мүшелері бюллетеньдердің қауіпсіздігі мен дауыс беру құпиялығын қамтамасыз етуде.

Дауыс беру 20:00-ге дейін жалғасады, барлық тұрғындар өз таңдауларын жасауға шақырылады. 
15 наурыз 2026 ж. 44 0