Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 16 азамат үйден дауыс берді

16 азамат үйден дауыс берді

Дауылкөл және Шіркейлі ауылдық округтері әкімдерінің сайлауында дауыс беруге ниет білдірген азаматтардың арасында үйден өтініш қалдырған азаматтар да бар.

Екі округте 16 азамат үйден дауыс беруші өтініш қалдырған. Оның ішінде Шіркейлі ауылдық округінен - 12, Дауылкөл ауылдық округінен - 4 азамат дауыс берді.

Өтінішке сәйкес учаскелік сайлау комиссиясының екі мүшесі тасымалданатын жәшікпен бірге азаматтың үйіне барып дауыс беруге жағдай жасады.

- Мемлекет үшін маңызды кезеңде әрбір азаматша үнсіз қалуға тиіс емес деп ойлаймын. Әсіресе, ауылдық округ әкімі болуға ниетті азаматтарды өзіміз таңдап, оларға жауапкершілік жүктейміз. Әр науқан кезде үйден дауыс беруге өтініш қалдырамын. Учаскенің комиссия мүшелері келіп дауыс алады,-дейді сырдариялық сайлаушы.

Еске салайық, дауыс беру кешкі сағат 20.00-ге жалғасады.

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

02 наурыз 2025 ж. 141 0