Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Референдум: 4251 азамат үйден дауыс беруге өтініш жазды

Референдум: 4251 азамат үйден дауыс беруге өтініш жазды

Референдумда дауыс беруге ниет білдірген азаматтардың арасында үйден өтініш қалдырған азаматтар да бар.

Облыста 4251 азамат үйден дауыс беруші өтініш қалдырған. Оның 685-і Қызылорда қаласында, қалғандары аудандардан берілген.

Өтінішке сәйкес учаскелік референдум комиссиясының екі мүшесі тасымалданатын жәшікпен бірге азаматтың үйіне барып дауыс беруге жағдай жасады.


Үйден дауыс беруді қалаған азаматтардың бірі – Күлмариям Реметәліқызы. Ол Қызылорда қаласының тұрғыны ретінде әрбір саяси науқанға азаматтық жауапкершілікпен қарап, белсенді қатысуда.


- Мемлекет үшін маңызды кезеңде әрбір азаматша үнсіз қалуға тиіс емес деп ойлаймын. Әр науқан кезде үйден дауыс беруге өтініш қалдырамын. Учаскенің комиссия мүшелері келіп дауыс алады,-дейді дауыс беруші.


Еске салайық, референдум күні облыс бойынша 492 380 азамат дауыс беруге құқылы.


Өңірде азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 179 онлайн сервис жұмыс істейді. Сондай-ақ, азаматтарды уақытша тіркеу қызметімен айналысатын 5 онлайн учаске бар.

Облыста 380 референдум учаскесі жұмыс істейді. Мұнда 2652 комиссия мүшелері қызмет атқарады.
06 қазан 2024 ж. 286 0