Үйден дауыс берушілерге жағдай жасалды
Бүгін еліміз үшін маңызды саяси науқан- референдумға келе алмайтын ауыл ардагерлеріне сайлау комиссиясының мүшелері арнайы барып, дауыс беруіне мүмкіндік жасады. Ардагерлеріміз ел тағдырына бейжай қарамай, өз таңдауларын жасап, дауыстарын берді. Бұл — үлкен өнеге мен азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісі.









